Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025–2026 оқу жылына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос лауазымдарға 20.02.2026ж. өткізілген конкурстық комиссия отырысының қорытындысын жариялайды.
Қорытынды:
Қажеттілікке байланысты жарияланған конкурсқа құжат тапсырған үміткерлердің басым көпшілігінің құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты, орыс сыныптарының тарих, математика, мектепалды даярлық сынып, бастауыш сынып мұғалімі, аға тәлімгер, педагог-психолог, логопед мұғалімі және педагог-ассистент лауазымдары бойынша конкурс қайта жарияланатыны туралы шешім қабылданды.

