Skip to content

Ата-аналарға

“№23 ЖББМ” мектепішілік ата-аналар жиналысы

22.09.2025 ж. күні “№23 ЖББМ” КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібі:
1. Жас ұрпақтың тұлғалық дамуы – ортақ міндет
2. «Адал азамат» жобасы: жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз, қауіпсіз мектеп
3. «Заң және тәртіп» – қауіпсіздік пен құқықтық тәрбие
4. «Балалар кітапханасы» – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру

Жиналыста ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп формасының маңызы, әкелердің ата-ана комитетіне белсенді қатысуы және балаларды педагогикалық қолдау мәселелері талқыланды.

Қатысқандар – 125 ата-ана, 15 сынып жетекші.