06.05.2025 жылы мектебімізде “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” Республикалық Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.Мақсаты: оқушыларды зияткерлікке, шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу. Көшбасшылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.Шараға мектеп парламенті, мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар қатысты. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. “Жас қыран” ұйымына -72 оқушы, “Жас Ұлан” ұйымына -58 оқушы қабылданды.May 12, 2025
Оқушымыз Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды!🤩31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада №23 жалпы білім беретін мектептің 10 “В” сынып оқушысы Арыстанбекова Эльвира орыс тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі пәні бойынша🥇орын иеленді. Эльвира бұған дейін пәндік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінде топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.Мектебіміздің, қаламыздың және облысымыздың намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен оқушымызды Арыстанбекова Эльвираны және жетекшісі Утепбергенова Лаура Бекқожақызын шын жүректен құттықтаймыз!👏🏽🤩🏆🥇April 8, 2025April 8, 2025
Қалалық “Тілші мұғалімдер олимпиадасы-2025” байқауында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Жансая Амантаевна және ағылшын тілі пәні мұғалімі Мухамедова Нагима Ильясовна 3 орынға ие болды.March 7, 2025March 7, 2025
«№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын және олардың жетекшілерін құттықтайды!5-6 сыныптар арасында:Абдужалилова Азиза – орыс тілінде білім беретін сыныптағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Сәрсенбаева Ж.Қ.);Алибекова Айзере – орыс тілінде білім беретін сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Базарбаева Ж.Е.);7-8 сыныптар арасында:Кабидуллаева Зарина – орыс тілінде білім беретін сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын (жетекшісі Савченко Н.А.);Уотт Сара – орыс тілінде білім беретін сыныптағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Адырова Г.Л.);Нұрлан Нұржаз – қазақ тілінде білім беретін сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Жакенова Г.Х.);Мырзахметқызы Адия – қазақ тілінде білім беретін сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Байжанова У.Е.)9-11 сыныптар арасында:Арыстанбекова Эльвира – орыс тілінде білім беретін сыныптағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын (жетекшісі Утепбергенова Л.Б.);Арыстанбек Айдана – қазақ тілінде білім беретін сыныптағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын (жетекшісі Канатбаева А.А.);Турдубаев Адилет – орыс тілінде білім беретін сыныптағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 3-орын (жетекшісі Жумабекова Ж.).Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!December 13, 2024December 13, 2024