06.05.2025 жылы мектебімізде “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” Республикалық Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.Мақсаты: оқушыларды зияткерлікке, шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу. Көшбасшылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.Шараға мектеп парламенті, мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар қатысты. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. “Жас қыран” ұйымына -72 оқушы, “Жас Ұлан” ұйымына -58 оқушы қабылданды.May 12, 2025
Оқушымыз Республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды!🤩31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада №23 жалпы білім беретін мектептің 10 “В” сынып оқушысы Арыстанбекова Эльвира орыс тілінде білім беретін мектептегі қазақ тілі пәні бойынша🥇орын иеленді. Эльвира бұған дейін пәндік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінде топ жарып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.Мектебіміздің, қаламыздың және облысымыздың намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен оқушымызды Арыстанбекова Эльвираны және жетекшісі Утепбергенова Лаура Бекқожақызын шын жүректен құттықтаймыз!👏🏽🤩🏆🥇April 8, 2025April 8, 2025