“Ұстаздар күні” мерекесі қарсаңында №23 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Канатбаева Аида Алтыбаевна “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісін теленді. Аида Алтыбаевна ұзақ жылдардан бері мектебімізде қызмет етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнаған ұлағатты ұстаз, бірнеше мәрте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздарын дайындаған және түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларында жеңіске жеткен майталман маман. Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейміз!October 5, 2024October 13, 2024
№23 жалпы білім беретін мектепте 1 және 3 қазан күндері 3-4, 5-6 сыныптарда өткізілген мектепішілік “Алтын сақа” математикалық олимпиадасының қорытындысыOctober 3, 2024October 13, 2024
Мамыр айының 13 күні Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Оқушылар сарайында нысаналы грант бойынша ВУЗ өкілдері көрме өткізді. Көрмеге 11-сынып түлектері қатысты. Оқушылар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының университеттері жөнінде мағлұмат алды.May 17, 2024May 20, 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!“Қарлығаш” мектепшілік жазғы лагерьі (#23 ЖББМ,28 А шағын аудан) 13 жасқа дейінгі оқушыларды келесі санаттағы балаларды қабылдайды:1) АӘК алатын отбасы балалары.2)АӘК алмайтын,бірақ отбасы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары.3) Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.4) Үздік оқушылар.5)Мүмкіндігі шектеулі балалар.May 11, 2024May 20, 2024
17 сәуір 2024 жылы Ақтау қаласында “Алау” Республикалық әскери-спорттық сайысының қалалық кезеңі өтті. Жарыс барысында қала мектептерінің оқушылары қатысты.”№23 Жалпы білім беретін мектебі “КММ-сі оқушылары командалық есеп бойынша 2 орын алды. Жетекшісі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдасушысыКаргаликов Асылбек Даулбекович.May 3, 2024May 3, 2024
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы “№23 жалпы білім беретін мектеп” КММ“Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар” ұранымен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада үздік өлең орындап ,”Үздік өлең”номинациясына 5”ә” сынып оқушысы Жетібаев Әлішер ие болды.April 22, 2024April 22, 2024
Құрметті мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушылардың ата-аналары!Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «№23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау науқаны ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап 31-тамызына дейін жалғасатынын қаперіңізге береді.March 29, 2024May 20, 2024