Шаграева Акбибі Қолдағанқызы 1967 жылы 10 қарашада дүниеге келген. 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Қарақия ауданындағы №4 мектепте математика пәні мұғалімі ретінде бастап, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
1998 – 2005 жылдары Ақтау қаласындағы №7 орта мектепте математика пәні мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2005 – 2022 жылдары Ақтау қаласындағы №9 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры қызметінде.
Ақбибі Қолдағанқызы Білім берудегі ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбегі үшін Маңғыстау облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен, Ақтау қаласы әкімінің алғыс хатымен және құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.