Skip to content

Қалалық “Тілші мұғалімдер олимпиадасы-2025” байқауында мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Жансая Амантаевна және ағылшын тілі пәні мұғалімі Мухамедова Нагима Ильясовна 3 орынға ие болды.

Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді насихаттап, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиада барысында қатысушылар эссе жазып, грамматикалық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, педагогикалық идеяларымен бөлісіп, ашық сабақтар өткізді. Аталған бөлімдер бойынша кәсіби шеберлігін жоғары көрсете білген ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *