Skip to content

Құрметті жұмыс іздеуші педагог мамандар!

Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекетттік мекемесі 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығына сәйкес бос және уақытша бос орындарға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысатын педагогтар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31 наурыздағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №96 бірлескен бұйрығының 113-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын 29.08.2025ж-09.09.2025ж аралығында қабылдаймыз. Құжаттарды Ақтау қаласы, 28А шағын ауданы, 16 ғимаратта орналасқан «№23 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қабылдау бөліміне комиссия хатшысы Роза Өмірзаққызына (тел:87755610737) жұмыс күндері сағат 09:00-13:00, 14:00-18:00 тапсыра аласыздар.
НОБД (ҰБДҚ) сервистерінде техникалық ақаулардың орын алуына байланысты, құжаттар қағаз түрінде қабылданады.
1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл
11) осы Қағидаларға 12,13 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат;
Ескерту: Мұғалімге ақы төлеу мөлшері орташа көрсеткішпен көрсетілген. Жалақы есептеуде еңбек өтілі, білім деңгейі, санаты ескеріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *