Байқау бес кезеңнен тұрды. Қатысушылар ұлы ақынның білім, ғылым, өнер тақырыптарына арналған өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқыды, Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романынан үзінді оқып, Абайдың әндерін орындады. Соңғысы- әншілік өнер. Қатысушылар Абайдың «Көзімінің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» секілді әндерін орындады.
Байқауға мектебіміздің атынан қатысқан ағылшын тілі пәні мұғалімі, әзірбайжан ұлтының өкілі Гасанова Заира Мехди кызы 3-орын иеленді. Әріптесімізді құттықтаймыз!

