Skip to content

БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР

БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР» акциясы аясында 2026 жылғы 17–18 наурыз күндері №33 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық кезеңінде біздің мектеп командасы жүлделі III орынды иеленді!
Аталған жарысқа қала бойынша 13 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Осындай тартысты додада біздің оқушылар табандылық, ұйымшылдық және жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен жетекшілерінің сапалы дайындығының нәтижесі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!